10 желтоқсан 2020 | 14:19

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа үкім шығарылды. Сот шешіміне сәйкес, Қуанышбек Ысқақов жазасын түрмеде өтеуі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа үкім шығарылды. Сот шешіміне сәйкес, Қуанышбек Ысқақов жазасын түрмеде өтеуі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуанышбек Ысқақовтың үкімі №2 Қызылорда қалалық сотында жария етілді. Сот Ысқақовты жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтеуі керек. Сонымен қатар экс-әкім мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырды.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор Қызылорда облысының бұрынғы әкімін сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Мемлекеттік айыптаушы Ысқақовты "аса ірі көлемдегі алаяқтық" үшін кінәлі деп тануды сұрады.

Еске салайық, Қуанышбек Ысқақов осы жылдың наурыз айының соңынан бастап үйқамақта. Оған Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айып тағылды. Сол мақала бойынша онымен бірге тағы төрт адам істі. Істің фигуранттары Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұрат Имандосов және әкімнің басқа экс-орынбасары Марат Делмұханов. Сонымен қатар, айыптау актісінің көшірмесі бизнесмен Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмайыловқа берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети