Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары сайлауға таңертеңімен келіп, белсенді дауыс беріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары сайлауға таңертеңімен келіп, белсенді дауыс беріп жатыр

Бүгін алғаш рет пилоттық негізде Қызылорда өңірінің Сырдария және Шиелі ауданы әкімдерінің сайлауы өтуде.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін алғаш рет пилоттық негізде Қызылорда өңірінің Сырдария және Шиелі ауданы әкімдерінің сайлауы өтуде.

Аудан және қала әкімдерін тікелей сайлау Президенттің сайлау жүйесін демократияландыру туралы бастамасының бірі.

Екі ауданда 58 сайлау учаскесі құрылған. Мұнда барлығы 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Аумақтық сайлау комиссиясы ұсынған ақпар бойынша, таңғы 07.00-де барлық учаске ашылып, өз жұмысын бастады.

Дауыс беру үй жайлары талаптарға сай жабдықталып, бюллетеньдермен қамтылған.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалып, үйден дауыс беруге өтініш қалдырған азаматтар үшін тасымалданатын жәшіктер апарылатын болады.

Ең алғаш болып дауыс бергендердің қатарында 102 жастағы сырдариялық майдангер Яхия Тасыров та бар.

Cоғыс ардагері бірлікті ту етіп, ауданның дамуына негіз болатын саяси науқанға әрбір азамат бей-жай қарамау қажеттігін айтты.

Қазыналы қария өз таңдауын жасағаннан кейін ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, маңызды күнде тұңғыш рет дауыс берген азаматқа сыйлықтар үйлестірілді.

Екі ауданда 18 жасқа толған 1011 азамат алғаш рет дауыс беру құқығына ие болды.

Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген.

Екі ауданда 58 учаскелік комиссия құрылып, 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети