Қызылорда өңірінде "Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер" атты арнайы сервис іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда өңірінде "Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер" атты арнайы сервис іске қосылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Биыл республикада 45 аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады. Пилоттық негізде бастау алған сайлау жергілікті мәслихат шешімімен Қызылорда облысында Шиелі және Сырдария аудандарында өткізіледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл республикада 45 аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады. Пилоттық негізде бастау алған сайлау жергілікті мәслихат шешімімен Қызылорда облысында Шиелі және Сырдария аудандарында өткізіледі.

Бүгінде Сырдария ауданында 18, Шиелі ауданында 40 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Оларда 388 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.

Екі ауданда сайлау өткізуге жауапты барлық комиссия мүшелері арнайы біліктілік оқытуынан өтті.

Жергілікті әкімдік сайлаушылар тізімін жасауда белсенді жұмыс жүргізуде. Қыркүйектегі жағдай бойынша Сырдария ауданында - 22101, Шиелі ауданында - 50402 сайлаушы тіркелген.

Өңірде дауыс беретін азаматтар үшін "Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер" атты арнайы сервис іске қосылды.

Шиелі және Сырдария ауданының тұрғындары saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады.

Сервисте учаскенің нөмірінен бастап комиссия құрамы мен мекен-жайы және байланыс деректері көрсетілген.

Мұнан бөлек, сайлаушылар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы да жұмыс істейді.

Диспетчерлер аудан әкімдерінің сайлауына қатысты тұрғындардың сауалдарына жауап береді.

Айта кетейік, 2 аудандағы аумақтық сайлау комиссиялары аудан әкімі болуға ниетті кандидаттардан ұсыным құжаттарын қабылдауды аяқтады.

Кандидаттардың ұсынылған құжаттары тексеруден өткеннен кейін тіркеу процесі жүргізіліп, үгіт кезеңі басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети