"Қызылорда-Семей" бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қызылорда-Семей" бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты Видеодан алынған кадр

Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

8 қазанда сағат 02.45-те полицияға Жамбыл облысындағы "Бурный-Сұрым" өткелінде Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының электрқондырғысында өрт болғаны жөнінде хабарлама түсті.  

Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келіп, дереу өртенген вагонның екі жағын ағытып, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарды.

"Пойыз бригадасымен бірлесіп, көлік полициясы патруль нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, адам өміріне араша түсті", - делінген хабарламада. 

Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети