Қызылорда тұрғындары тегін палауға таласып, төбелес шығарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: inbusiness.kz Фото: inbusiness.kz

Қызылордада тегін палау тарату халықтың қақтығысуымен, төбелесімен аяқталып, аспаз жарақат алды, - деп хабарлайды Inbusiness.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада тегін палау тарату халықтың қақтығысуымен, төбелесімен аяқталып, аспаз жарақат алды, - деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Палау қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада дайындалды. Осыған орай облыс әкімдігі іргесіндегі Сыр-ана алаңында өңірдегі күріш өсірумен айналысатын ірі серіктестік "Абай Дәулет" ЖШС палау жарысын ұйымдастырған.

Ұйымдастырушы 2 тонна ет, 1 тонна күріш, 1 тонна сәбіз, 500 келі пияз және жүздеген литр май бөлген. Тамақты жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар басқа қалалардан келген аспаз дайындады, тіпті Өзбекстаннан келген қатысушылар да болды.

Екі платформада 40 қазан болды. Периметр бойында полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздары болды. Тәртіп сақшылары болмаса, аспаздар әр учаскені қоршап алған адамдардан қорғана алмас еді. Тамақты үлестірер алдында көпшілік арасында жанжал шығып, төбелес болған. Ересектер, қарттар, балалар қазандарға жақын болу үшін бір-бірін итерген.

Қазылар алқасының мүшелері адамдардың арасынан әрең өтті. Журналистер бір кезде біреулер аспаз әйелдің басынан шөмішпен ұрғанын айтады. Оған жедел жәрдем шақырылған.

Сыр-ана мұнарасының маңында жайылған дастарқаннан халық ас ішу үшін палау пластик ыдыстарға салынып, таратылады деп жоспарланған болатын. Бірақ минут өткен сайын көрерменнің шыдамы таусылған. Ыстық ауа райы да әсер еткен болуы мүмкін.

"Халық палау салынған пакеттер мен ыдыс-аяқтарды тарата бастағанда, тегін тамаққа таласқандар айғай-шу, төбелес шығарды. Халық үстелдер мен қоршауларды аттап өте бастады. Полицияға көмектесу үшін қосымша күш келді", - деп сипаттады оқиғаны журналистер. 

Қақтығыс кезінде 20 шақты бала жоғалып кеткен.

Палауды таратуға бір сағаттан аса уақыт кеткен. Халық тынышталып, тамақтанды. Кейін аспаздар марапатталыпты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro