29 сәуір 2021 | 18:18

Қызылордада 6 жасар баланың өлімі туралы жалған ақпарат тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда полициясы әлеуметтік желілерде алты жасар Әлтаир Бақыттың өліміне қатысты "мән-жайды" аудиожазбамен айтып берген әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда полициясы әлеуметтік желілерде алты жасар Әлтаир Бақыттың өліміне қатысты "мән-жайды" аудиожазбамен айтып берген әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада мессенджерлерде алты жасар бала "зорланғаны, аяусыз өлтіріліп, содан кейін ғана шұңқырға тасталғаны" туралы қауесет тарады. Қала полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарды және қазір аудиожазбаның авторын іздестіріп жатыр .

"Қазіргі уақытта жалған ақпарат тарататын әйелді анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Әлеуметтік желілер немесе БАҚ арқылы жалған ақпарат тарататын адамдар қылмыстық жауапқа тартылатынын еске саламыз", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға я үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын атап өткен жөн.

Еске салайық, 29 сәуірде алты жасар баланың мәйіті кәріз люгінен табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети