Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүргендер арасынан тоғыз сотталушы орта білім алуға кешкі мектепке қабылданды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүргендер арасынан тоғыз сотталушы орта білім алуға кешкі мектепке қабылданды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқуға қабылданғандардың ішінде өзге ұлт өкілдері де бар. Олар орыс тілінде білім алады. Білім алушыларға бекітілген кестеге сәйкес, Шиелі аудандық кешкі мектеп мұғалімдері сабақ береді. Бүгін сол адамдардың алғашқы білім сабағы өтті.
"Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №516 бұйрығында сотталғандарға негізгі орта, бастауыш, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім алу туралы көрсетілген. Оның ішінде, 30 жасқа дейінгі сотталған азаматтар орта білім алуға міндетті деп көрсетілген. 2019-2020 оқу жылында осы кешкі мектепте оқыған екі азамат 9 сыныпты бітіріп, куәлік алса, екі азамат 11 сыныпты тәмамдап аттестат алды. 2020-2021 оқу жылына мекемедегі азаматтар арасында орта білімі жоқ тоғыз сотталған оқуға қабылданды. Осы азаматтар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, интернет желісі қосылған арнайы кабинетте қашықтан білім алады", - деді мекеме бастығы Руслан Алимов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!