Қызылордада "Ашық аспан астындағы" КТА фестивалі өтті

viewings icon 936

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

11 қыркүйекте Қызылорда қаласындағы "Достық үйі" думанды кештің төріне айналды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

11 қыркүйекте Қызылорда қаласындағы "Достық үйі" думанды кештің төріне айналды.

"Ашық аспан астындағы" Көңілді тапқырлар алаңының республикалық фестивалі Елбасының Жарлығымен жарияланған "Жастар жылы" аясында және "Қала күні" мерекесінің ашылу салтанаты ретінде ұйымдастырылды.

Фестивальде республиканың ең үздік 11 командасы: "24 сағат", "ҚазИИТУ" Орал қаласы, Қарағанды облысы "Қарағанды құрамасы", Жамбыл облысы "Шу-чу", "Тараз-2000", "Арыс" Түркістан облысы, "Ауылдар құрамасы" Алматы қаласы, "Арал-АС" Арал ауданы, "Қармақшы құрамасы" Қармақшы ауданы, "Қорқыт Жастары" Қызылорда қаласы, "Қорқыт" құрамасы өнер көрсетіп, әзілдерімен қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қазылар алқасының құрамына Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, Қазақстанның эстрада жұлдыздары Дастан Оразбеков, Нұржан Керменбаев, белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров және қалалық мәслихат депутаты Жасұлан Жарасбаев ойынға төрелік етті.

Эстрада жұлдыздары Дастан Оразбеков пен Нұржан Керменбаев кештің көркін әсем әндермен қыздырды.

Шара қорытындысымен үшінші орынды (300 мың тг) Орал қаласының "ҚазИИТУ" командасы жеңіп алса, екінші орын (500 мың тг) "Тараз-2000", қала әкімінің бас кубогін 1 миллион қаржылай сыйақыны Арал қаласынан келген"Арал - АС" командасы жеңіп алды.

Фестивальдің "Үздік ойыншысы" атағын Қарағанды құрамасының мүшесі Заңғар Аманғалиұлы иемденіп, командалардың барлығы Қала әкімі Н. Нәлібаевтың "Алғыс хатымен" марапатталды.

Сондай-ақ, "Сыр жастары" әнінің авторы Жарылқасын Оразғұлов жастар жылына арналып өткізілген аймақтық ән конкурсының жеңімпазы атанып, 500 мың теңгелік сертификатты жеңіп алды. Бұл ән Сыр жастарының әнұранына айналары сөзсіз.

15 мыңға жуық халық жиналған осындай ірі шараны ұйымдастырғаны үшін қала әкіміне Тұрсынбек Қабатов арнайы алғысын білдірді.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю