Қызылордада әуежайдың жаңа терминалы 2024 жылы пайдалануға беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада әуежайдың жаңа терминалы 2024 жылы пайдалануға беріледі

Қызылордада Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы салынуда. Нысан іске қосылғаннан кейін жолаушыларға қызмет көрсету көлемі ұлғайып, жаңа халықаралық рейстер ашу мүмкіндігі пайда болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Жоба құны 20 млрд теңгені құрайды. Оның 15 млрд 700 млн теңгесі Болат Өтемұратов қорынан бөлінген. Жергілікті бюджеттен 4 млрд 300 млн теңге инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға, яғни жылу, су, электр, және кәріз желілері, телефон, автожол, абаттандыру жұмыстарына бағытталды", - деді аймақ басшысы.

Жаңа терминал келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, қазіргі әуежай жылына 137 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін 220 мың жолаушыны қабылдай алады. Ал жүк тасымалдау көлемі 150 тоннадан 240 тоннаға дейін ұлғаймақ. Жалпы алаңы 7500 шаршы метр болатын әуежайда телескопиялық трап, жолаушыларға, оның ішінде қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін эскалаторлар мен лифттер қарастырылмақ.

Tengrinews
Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети