Қызылордада автогаз қымбаттап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада автогаз қымбаттап кетті Фото: Tengrinews.kz

Қызылордада автокөлікке қажетті сұйытылған газ бағасы аспандап кетті. Бірден 20 теңгеге көтерілген баға табиғи газ өндіріп отырған аймақ тұрғындарының қалтасын қағып отыр. Оның үстіне, жетіспеушілік бар дейді жүргізушілер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада автокөлікке қажетті сұйытылған газ бағасы аспандап кетті. Бірден 20 теңгеге көтерілген баға табиғи газ өндіріп отырған аймақ тұрғындарының қалтасын қағып отыр. Оның үстіне, жетіспеушілік бар дейді жүргізушілер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Тілшінің айтуынша, көлік жүргізушілері бұған дейін газды 60-65 теңгеден құйып келген. Ал енді ол 20 теңгеге бір-ақ көтерілген. Оның өзі қолжетімді емес. Кейбір бекеттерде ғана бар екен.

"Газ жоқ. Барлық жерде талонмен, карточкамен. Қолма қол ақшаға төлеу қиындау. Бұрын 600 теңгеге 10 литр құятын едік, қазір 1000 теңгеге 10 литр құясың", - дейді тұрғындардың бірі. 

Ал мамандар болса, газ бағасы мемлекет тарапынан реттелмейтінін айтқан. Олар қымбатшылықты газ тапшылығымен байланыстырып отыр. Оның негізгі себебі - еліміздегі ірі зауыттардың уақытша жұмысын тоқтауы.

"Әр маусым сайын үш зауыт тоқтайды. Жөндеу жұмыстарына. Шымкенттегі зауыт тоқтап қалғаннан кейін сұйытылған мұнай-газды шығармай қойды. Оның алдында Атырау да шығармай қойған. Бір "КазгерМұнайдың" газы бар. Бірақ ол Қызылорда облысына ғана емес, Жамбыл облысына да, Алматы облысына, Алматыға, Шымкентке, Түркістан облысына кетіп жатыр. Сондықтан газ тапшылығы бар", - дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ерсін Орынбаев.

Дегенмен, мамандар алдағы уақытта талдау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Газдың құнын негізсіз көтерген кәсіпкерлер анықталса, тиісті шара көреміз дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети