Қызылордада балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге көлік әперуге ақша жиналып жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге көлік әперуге ақша жиналып жатыр Видеодан алынған кадр

Қызылордалық блогер, белсенді Асылхан Дүкенбаев аязда балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге көлік әперуге ақша жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордалық блогер, белсенді Асылхан Дүкенбаев аязда балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге көлік әперуге ақша жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам күннің суығына қарамастан, балаларын велосипедпен тасып жүргені түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін танылған. Кадрларда үлкен ұлы велосипедтің алдында, кішкентайы артында мойынорағышқа оралған күйі тәтті ұйықтап жатқаны көпшілікті тәнті етті.

"Видеоға түсіреді деп ойлаған жоқпын. Басында тіпті ашуландым. Бірақ жағымды пікірлерді оқыған соң тынышталдым", - дейді ол видеода.

Оның айтуынша, басында ол автокөлік сатып алуға ақша жинағысы келгендердің көмегінен бас тартқан.

"Бізден де нашар өмір сүретіндер бар. Орташа өмір сүріп жатырмыз, олармен салыстырғанда аш емеспіз. Отбасымызға үлкен ықылас танытып, қамқорлық көрсеткен барлық жанашыр азаматқа алғыс айтамын", - деді ол.

Бұл отбасы уақытша үйде тұратыны, жеке баспанасы жоқ екені белгілі болды. Ер адам видеоға түсіп қалған сәтте балаларымен ойын алаңдарының бірінен қайтып келе жатқан.

Кейін Шымкент тұрғыны қызылордалыққа өз көлігін сыйға тартатыны белгілі болды.

"Көлікті Шымкенттегі әріптесім, КВН ойыншысы Бекжан сыйға тартады. Сондықтан енді тұрғын үй сатып алуға ақша жинаймыз. Видеоны түсірген жігітті де сыйлық күтеді", - деді белсенді Асылхан Дүкенбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети