Қызылордада бес баласы 65 жастағы Төлеш Құрықбаеваны "Қамқорлық" дағдарыс орталығына әкеліп тастаған, - деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Қызылордада бес баласы 65 жастағы Төлеш Құрықбаеваны "Қамқорлық" дағдарыс орталығына әкеліп тастаған, - деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Әжейдің айтуынша, ол өмірінде еш жақсылық көрмеген. 45 жыл бойы оны күйеуі күн бермей ұрып-соғып өткен. Ал туған бес баласы оны қолына ала алмай отыр.
"Менің еш туысым жоқ, жетімдер үйінде өскем. Балаларым кредит алып беруді сұрады, алдым. Үйдің төбесін ауыстыруға демесуін сұраған, оларда барлығы жақсы болса болды. Ал өздері маған ештңемен көмектесе алмайды, анасына еш жағдай жасап бере алмады. Бұл өмірде қуанышым болған жоқ. Бірақ өз күнімді көреремін, біреудің үйін жинасам да, көрпеше тіксем де", - дейді әжей.
Орталыққа соңғы 15 күн шамасында туыстары бас тартқан төрт әжей түскен. Біреуін туыстары тауып алып, өздеріне алып кеткен. Қалғаны қарттар үйіне ауысу үшін құжаттарын күтіп отыр.
Орталық директорының сөзінше, өкініштісі ата-анадан бас тарту қалыпты жағдайға айналып бара жатыр. Бүгінде облыстық қарттар үйінде 160 қария бар. Олардың ішінде 101 қарияның балалары бар.