Қызылордада бір ай бұрын жоғалып кеткен әже өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада бір ай бұрын жоғалып кеткен әже өлі табылды Қуанышкүл Оңалбаеваның Желіде тараған суреті

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының 72 жастағы тұрғынының мәйіті Қызылордадан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының 72 жастағы тұрғынының мәйіті Қызылордадан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуанышкүл Оңалбаева 2022 жылдың 20 ақпанына қараған түні жоғалып кетті. Ол үйден белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған. Әжені іздестіру полиция, Қызылорда облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері, еріктілер, қоғамдық белсенділер күшімен жүргізілді.

"Қуанышкүл Оңалбаеваны іздеуге 5 құтқарушы, кинолог және 1 бірлік техника тартылды. 1 наурызда іздеу тобы бірнеше ауылды аралап, моторлы қайыққа қонды. 3 наурызда іздеу жұмыстары тікұшақпен жүргізілді. Дегенмен, еш нәтиже болмады", - деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция әйелдің денесі қаладан бірнеше шақырым жерден табылғанын хабарлады. 

"Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Қармақшы ауданының 72 жастағы тұрғынының мәйіті (криминалдық өлім белгілері жоқ) табылды. Ол қатып қалған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети