04 сәуір 2014 16:59

Қызылордада дақылдардың жаңа сорттары шығарылуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

shymkent.otyrar.kz shymkent.otyrar.kz

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары шығарылуда. Олардың барлығы жергілікті климатқа бейімделген деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясы мамандарына сілтеме жасап.


Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары шығарылуда. Олардың барлығы жергілікті климатқа бейімделген деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясы мамандарына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, жаздық тарының "Сыр аруы" және "Іңкәр" деген жаңа сорттары шығарылды. Олар тұздануға төзімділігінің жоғарылығымен, жылдам өсіп-жетілуге бейімділігімен, ауа құрғақшылығына және көктемгі ызғарлы суықтың қайталануына төзімділігімен,стандартпен салыстырғанда өнімділігінің 18-20 пайызға артықтығымен ерекшеленеді.

2006 жылы түйежоңышқаның "Арқас" деген жаңа сорты аудандастырылды, жоңышқаның "Түркістан" деген сорты мен жүгерінің "Жадыра 21" деген будан популяциясы дайындалды.

Сондай-ақ, сары түйежоңышқаның тұздануға төзімділігі жоғары, күріш ауыспалы егісіне бейімделгіш, зиянкестерге қарсы төзімді, стандартпен салыстырғанда өнімділігі 20-25 пайыз артық "Приаральский 19" деген сорты әзірленді. Қауынның құрғақ ерігіш заттарға бай, жұмсақ жемісінің қалыңдығымен және 25 т/га өнімділігімен ерекшеленетін "Сырдария" (2010 жылы аудандастырылды), "Дәмелі", "Ната" деген жаңа перспективалы сорттары шығарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети