27 сәуір 2020 20:35

Қызылордада егін даласына алғашқы дән себілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде көктемгі "Дала күні" өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бүгін Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде көктемгі "Дала күні" өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мағжан и К" ЖШС-нің егіс алқабына алғашқы дән себіліп, қала төңірегіндегі барлық егін даласында негізгі дақыл күріш егу науқаны басталды. Бұл шараға қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы келіп қатысып, диқандар қауымына сәттілік тіледі.

Көктемгі егіс науқанының жүргізілу барысымен қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дәулетбек Әбдірасулов таныстырды. Бүгінде бидай, арпа, жоңышқа дақылдары егілген және шаруашылық құрылымдары тыңайтқыш, жанар-жағар май қорымен қамтамасыз етілді. Техника егін егу жұмыстарына толық дайын.

"Абзал және К" толық серіктестігінің директоры Мағжан Ералиев көктемгі егін науқанының жұмыстары талапқа сай жүргізіліп жатқанын, жылдық өнім көлемі гектарына 60-65 центнерден екенін жеткізді. Яғни, жалпы ауданы - 748 гектар, оның ішінде 120 гектар бидай, 158 ескі жоңышқа егілді, ендігі жоспар - 470 гектар жерге күріш тұқымын себу.

Жауапты сала мамандарымен пікірлескен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев басқа да дақылдардың көлемін ұлғайту керегін айтты.

"Биылдан бастап күріш дақылы егісін тұрақтандырып, басқа да дақылдардың көлемін ұлғайтуымыз қажет", - деді және бірқатар мәселені қазірден бастап шешу керектігін сала мамандарына ескертті.

Атап айтқанда, жұмыс агротехникалық талаптарға сай жүргізілуі, Үкімет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктерді тиімді пайдалану қажет.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Сырдария өзеніндегі жағдай тұрақты. Дегенмен, су қоймаларындағы су көлемін ұдайы бақылауда ұстау керектігін баса айтты.

Алғашқы күріш егу науқанында еңбек ардагері Серік Сейтназаров шаруаларға батасын берді. Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша белгіленген жоспарға сәйкес биылғы жылы 7 мың 395 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру межеленген.

Қазіргі таңда, елдегі жарияланған төтенше жағдай кезіндегі кедергілерге қарамастан, бұл салаға жасалған ерекше қолдаулардың арқасында қала бойынша жалпы көлемі 793 гектар жерге ерте көктемде егілетін жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы, мақсары, жаңа жоңышқалар, тағы басқа дақылдар егілді.

Бүгінгі күнге дейін су шаруашылығы нысандарын дайындау, су жүйелерін тазарту жұмыстары толығымен 100 пайызға орындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети