Қызылордада екі кішкентай сәби мен ана өлімнен аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Қызылордада екі кішкентай бала мен ана өлімнен аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада екі кішкентай бала мен ана өлімнен аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

12 қаңтарда сағат 21:40 Қызылордадағы Тасбөгет кентіндегі Наурыз көшесі N20 мекенжайда екіқабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шыққаны туралы 112 құтқару қызметіне хабарлама түсті.

Хабарлама бойынша шақырту орнына жедел жетіп, барлау жұмысы барысында екіқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің ауданы 12 шаршы метр - асхана бөлмесінде тұрмыстық заттар өртеніп, соның салдарынан подъезді толығымен түтін басқаны анықталды. Өртсөндірушілер түтін ішінен 2021 жылы туған және 2023 жылы туған сәбилерді анасымен бірге құтқарып, медициналық жедел-жәрдем бригадасына тапсырды.

Өрт сағат 21:58-де толығымен сөндірілді.

Өрттің болжамды себебі - электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өрт салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру жұмысына N4 өрт сөндіру бөлімінен, өрт сөндіру кезекші қызметінен, арнайы қызметтерден мамандар (8 техникасымен 23 қызметкер) жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети