Қызылордада екі мектеп оқушысы бұрыш баллонынан зардап шекті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада екі мектеп оқушысы бұрыш баллонынан зардап шекті

Қызылордада 9-сынып оқушысы мектепте бұрыш балонын шашып, 2 оқушы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада 9-сынып оқушысы мектепте бұрыш балонын шашып, 2 оқушы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде облыс орталығындағы орта мектепте оқушы бұрыш балонын қолданып, соның салдарынан екі оқушының зардап шеккені туралы ақпарат тарады.

"Мектептерге турникет орнатуға қанша қаражат жұмсалса да, оқушылардың суық қарумен мектепке кіруі азаймай тұр. Ал 20 сәуірде Осипенко атындағы №8 мектептің оқушысы мектепке бұрыш балонын алып келген. Салдарынан бірнеше оқушы зардап шекті", - деп жазды ол Facebook-те Үйтолған Жәреке.

Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның 20 сәуірде болғанын растап, пікір білдірді.

"Осипенко атындағы №8 орта мектепте 20 сәуір күні І ауысымның сабағында 9 сынып оқушысы бұрыш балонын сыныптастарына сепкен. Балалар мектептен тыс жерге шығарылды. Зардап шеккен 2 оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақыртылды. Қазіргі таңда, оқу процесі қалыпты жағдайда жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети