Қызылордада жаңа жаңа жылу-электр орталығын салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жаңа жаңа жылу-электр орталығын салынды Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының қолдауымен "AKSA Energy" түрік компаниясы Қызылорда қаласында 215 миллиард теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығын салды. Орталыққа бюджет есебінен 15 миллиард теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының қолдауымен "AKSA Energy" түрік компаниясы Қызылорда қаласында 215 миллиард теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығын салды. Орталыққа бюджет есебінен 15 миллиард теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді.

Ауқымды жоба жайында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі баяндамасында айтылды.

"Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған жобалардың бірі. Жаңа орталық 240 мегаватт электр қуатын, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Электр энергиясымен өңірімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік туады", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Еске салсақ, жаңа жылу-электр орталығының жобалау құжаттары 2023 жылы әзірленіп, 2024 жылы құрылысы басталды.

Инвестициялық шартқа сәйкес станцияның іске қосылуы 2026 жылдың тамыз айына белгіленген. Мемлекет басшысының тікелей бақылауында болғандықтан, станция уақытынан бұрын пайдалануға берілді. Бүгінде 176 мегаватт электр энергиясын шығаратын газ турбинасы қосылды. Келесі жылдың басында бу турбинасы іске қосылып, қосымша 95 МВт электр энергиясы өндірілмек.

Кейінгі жылдары тұрғындарды электр энергиясымен тұрақты қамту бағытында 24 миллиард 200 миллион теңгеге 71 жоба жүзеге асып, тозған желілер 60,8 пайыз төмендеді.

Мемлекет басшысының Катар сапарында жасалған келісімнің нәтижесінде қуаттылығы 1100 МВт-тық бу-газ қондырғысын жобалау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 250 гектар жер телімі бөлінді. Жобаның техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.

Жоба аясында "Қызылорда-Жезқазған", "Қызылорда-Шымкент" жоғары қуатты 500 кВт электр желілері салынады. Оған қоса 1,5 мың шақырымдық "Бейнеу-Шымкент" газ құбырының екінші желісі жоспарланып жатыр. Жобаның жалпы құны 3 триллион теңге, оның 1,7 триллион теңге болатын 846 шақырым газ құбыры облыс аумағынан өтеді.

Tengrinews
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети