25 желтоқсан 2018 11:37

Қызылордада жаңажылдық бас шыршаның шамы жағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қызылорда әкімінің баспасөз қызметі © Қызылорда әкімінің баспасөз қызметі

Қызылордада жаңажылдық бас шыршаның шамы жағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордада жаңажылдық бас шыршаның шамы жағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласының орталық алаңында орналасқан бас шыршаның шамын жағу салтанатты рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Сән - салтанаты жарасқан жаңажылдық әсем шыршаның биіктігі - 23 метр, ені - 10 метр.

Ертегілер еліне еліктірер ғажайып мерекенің басты символы саналатын жаңажылдық шырша Әсем ойыншықтар мен түрлі жарықшамдармен жабдықталған.

Расында, ерекше безендірілген әр түрлі түстер мен бейнелерді құрайтын жарықтар, түрлі формадағы жарықшамдар кез келген қала тұрғындары мен қонақтарының көз жауын алып айналасының ерекше сәнін келтіріп тұр.

Биыл жаңажылдық бас шыршаны салтанатты жағу құрметі "Men qazaqpyn - 2018" мегажобасының жеңімпазы, белгілі жыршы Күнсұлу Түрікпен, Қазақстан спорты Паралимпияда тарихында тұңғыш рет парадзюдодан Әлем чемпионы атанған жас спортшы Олжас Оразалыұлы, "Мұрагер" мектебінің 11-сынып оқушысы, 2018 жылы Air Astana және "Самұрық қазына" ҰК ұйымдастыруымен өткен Халықаралық ғылыми жоба сайысының жеңімпазы, Англия еліне жолдама иегері, жас ғалым Демиденко Евгенийге бұйырды.

Әсем шыршаның айналасында қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өнерпаздар арнайы дайындаған мерекелік шаралар ұйымдастырылып, ертегі кейіпкерлері би билеп бүлдіршіндердің көңілін көтерді.

Айта кету керек, бұдан бөлек қала көлемінде биіктігі 10 метр болатын қосымша 5 жерге әсем шырша орналастырылады.

Сонымен қатар, қала көшелерінің бойында, аллеялар және орталық алаң секілді көпшілік орындарда жаңа жылдық ою-өрнектер мен ертегі кейіпкерлері бейнесінде светодиот безендірулер, тақырыптық үгіт-насихат құралдары (билборд) орналастырылды.

Жалпы бұл жұмыстардың барлығына (жаңажылдық безендіру) қалалық бюджеттен 4,6 миллион теңге қаржы қарастырылған.

Қызылорда қаласы бойынша Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі шаралар ұйымдастыру жоспарланса, жылдағы дәстүрге сай 31 желтоқсанда орталық алаңда мерекелік гала-концерт және отшашулар ұйымдастырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети