08 желтоқсан 2022 17:31

Қызылордада жанармайдың қатып қалуына байланысты көлік коллапсы болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қызылорда әкімдігі Фото: Қызылорда әкімдігі

Тұрғындар автобустардың жоқтығына шағымданды. Мамандар мәселе жанар-жағармайдың қатып қалуында екенін айтып, қоғамдық көліктер санын көбейту үшін жұмыс істеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тұрғындар автобустардың жоқтығына шағымданды. Мамандар мәселе жанар-жағармайдың қатып қалуында екенін айтып, қоғамдық көліктер санын көбейту үшін жұмыс істеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұрт әлеуметтік желіде қоғамдық көлік мәселесін жазып жатыр.

"Құрметті әкімдік! Автобустар қайда? 12, 15, 23 және т.б. маршруттар? Балалар суықта бір сағат тұрып, сабаққа кешігіп жатыр. Бізде сіздер сияқты жеке көлік, таксиге ақша жоқ", - деп жазды тұрғын Instagram әлеуметтік желісіндегі kritika.kyzylorda-парақшасында.

Қалалық әкімдік қызметкерлері тұрғындардың арыз-шағымдарына жауап беріп, қоғамдық көліктер қызметін бақылауға тексеруге шыққан.

"Тексеру барысында қала тұрғындары бірнеше жеке тасымалдаушыларға қатысты пікір білдірді. Атап айтқанда, таңертең және кешкі уақытта №10, 12, 15, 16, 31 автобустар лық толып, уақытында қатынамай, кешке жұмысты ерте тоқтатады", - деді инспекторлар.

Қоғамдық көлікті бақылау шаралары күн сайын жалғасады. Бұл өз кезегінде мәселені шешуге көмектеседі.

Жеке маршруттарға жауапты компаниялардың басшылығы қатты суықтан автобус жүргізушілері пайдаланатын жанармай мен тосол қатып қалатынын атап өтті. Нәтижесінде № 12, 15, 23 бағыттар бойынша жүретін автобустардың саны айтарлықтай азайған.

"Көліктер қалпына келтірілсе, бірден маршруттарға қосылады. Қазір автобустар санын көбейту жұмыстары жүріп жатыр", - деп жазды олар ресми жауапта.

©Tengrinews.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети