Қызылордада жасөспірімдердің төбелесіне араша болған полицейлерге шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жасөспірімдердің төбелесіне араша болған полицейлерге шабуыл жасалды Видеодан алынған кадр

Қызылордада ағайындылар өзара төбелес шығарып, оларға араша болған полицейлерге шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада ағайындылар өзара төбелес шығарып, оларға араша болған полицейлерге шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде адамдарды ұстап жатқан сәттің видеосы таралды. Кадрларда ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп жатыр. 

Оқиға Қызылордада болғаны анықталды.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі, 18 шілдеде таңертең Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне көпқабатты үйдің ауласында төбелес шыққаны туралы хабар келіп түскенін хабарлады.

"Оқиға болған жерге келген патруль мүшелері кәмелетке толмағандар жанжалдасып жатқанын анықтады. Полиция қызметкерлері араға түсіп, оларды айыра бастады. Бұл уақытта үлкендер келіп, полицейлердің заңды талаптарына мән берместен, тәртіп сақшыларына қақтығысты тоқтату үшін кедергі бола бастады", - деп хабарлады полиция өкілдері.

13 және 17 жас аралығындағы жасөспірімдер туған бауырлар болып шықты.

Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал кәмелетке толмағандардың әкесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлігі "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??ДружнаяИнстаСемья Алматы?️ (@100baksoff)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети