Қызылордада қала күні тойланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада қала күні тойланды Фото: Қызылорда әкімдігі ұсынған материал

Қызылорда қаласының сол жағалауындағы "Қайсар Арена" стадионында Сыр жұрты мен қала қонақтары үшін айрықша мәнге ие мерекелік шара – "Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда" атты гала-концерт өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласының сол жағалауындағы "Қайсар Арена" стадионында Сыр жұрты мен қала қонақтары үшін айрықша мәнге ие мерекелік шара – "Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда" атты гала-концерт өтті.

"Шара қаланың Қазақ Республикасының астанасы атанғанына 100 жыл толуына және Қала күні мерекесіне арналды", - делінген Қызылорда әкімдігі хабарламасында.

Гала-концерттің шымылдығы ел тарихындағы елеулі кезеңдегі бейнелейтін театрландырылған көрініспен ашылды. Онда астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру сәті, Киргиз АКСР-ның Қазақ АКСР болып өзгертілуі, қалаға Қызылорда атауының берілуі сияқты тарихи оқиғалар сахна төрінде жаңғырды. Сахнада бейнелеген "Қызыл паравоздың" Ақмешітке бағыт алуы, Алаш арыстарының бейнелері мен халықтың азаттыққа деген ұмтылысы көрерменге терең әсер қалдырды.

Мерекелік кеш көреремен көңілін көтерген әсерлі концерттік бағдарламаға ұласты. Сыр еліне танымал және елге белгілі эстрада жұлдыздары Жеңіс Ысқақова, Гүлнұр Оразымбетова, Мадина Сәдуақасова және Жансая Төлебай "Біздің Қызылорда" әнін әуелете орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Сонымен қатар, Кеңес Әлімжан, Төреғали Төреәлі, Олжас Нұралиев және өзге де өнер иелері сахна төрінен өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сахнаның сәнін кіргізген хореографиялық қойылымдар, заманауи бейнероликтер және арнайы дайындалған тақырыптық дрон-шоу мерекенің мазмұнын байытып, Қала күніне ерекше көрік берді. Салтанатты шараның соңында түңгі аспанды мың бояуға бөлеген отшашу жарқырап, мерекенің сәні мен салтанатын арттырды.

Қызылорданың 100 жылдығы – Сыр елінің тарихын дәріптеген, болашағын айқындаған мерейлі белес.

Tengrinews
Қызылорда әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course down  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети