Қызылордада қарындасы қамаудағы ағасына телефонды бауырсаққа жасырып бермек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада қарындасы қамаудағы ағасына телефонды бауырсаққа жасырып бермек болған Иллюстрациялық сурет: polisia.kz

Қызылордадағы тергеу изоляторына бауырсаққа жасырып телефон өткізбек болған қыз анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аспа облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордадағы тергеу изоляторына бауырсаққа жасырып телефон өткізбек болған қыз анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аспа облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған ағасына қарындасының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері бауырсаққа жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі. Қарындасы Nokia маркалы телефоны мен қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, бауырсақ ішіне жасырып өткізбек болған. Қамаудағы ағасы ҚР ҚК-нің 106-бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырылған", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети