24 тамыз 2017 19:31

Қызылордада "Құқық қорғау қызметтері орталығы" ашылды

Бүгін Қызылорда қаласында Елбасының "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының жүзінші қадамын орындау барысында азаматтардың өтініштерін қарау жұмысын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін ҚР бас прокуроры Жақып Асановтың бастамасымен және облыстық прокуратураның ұсынысымен, еліміздегі алғашқылардың бірі болып қала әкімдігінің ғимаратында орналасқан "Құқық қорғау қызметтері орталығы" өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Қ. Көшербаев, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі С.Сүлеймен, облыс прокуроры Х. Дәуешов және қала әкімі Н. Нәлібаев қатысты.

Реклама
Реклама

Жобаның мақсаты - азаматтардың мемлекеттік және құқықтық органдарға деген сенім деңгейін арттыру, сапалы құқықтық қызметтерге "бір терезе" қағидасы бойынша қол жеткізу арқылы, атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету.

Заманауи орталық толықтай электронды жүйемен, сондай-ақ күту залы және өзге де қажетті құралдармен жабдықталған.

Қызылордалықтар осы орталықта прокуратура, ішікі істер, әділет органдары, әкімдік қызметкерлерімен қатар, қорғаушылар мен медиаторлардан кеңес ала алады.

Бұл орталықтың қала әкімдігінің жанынан ашылуы да кездейсоқтық емес. Себебі, аймақ халқының басым бөлігі облыс орталығында орналасқан және халыққа көрсетілетін қызметтермен тікелей айналысатын жергілікті орган болып табылады.

Жалпы, қала тұрғындарымен байланысты арттыру және барынша ашықтықты қамтамасыз ету бағытында бұған дейін де қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Мысалы, қала әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен кент және ауылдық округтерде арнайы сенім телефондары, қоғамдық кеңес, қоғамдық қабылдау және бұдан бөлек қала әкімдігінің ресми веб-порталы, Facebook, Twitter, Вконтакте, Іnstagram секілді әлеуметтік желілерінде арнайы парақшалар мен Whatsapp мессенджеріндегі Open Kyzylorda жобасы сәтті жұмыс жасап келеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram