Қызылордада қыз алып қашқандар жазаға тартылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қызды еркінен тыс алып қашқан жігіттер жазаға тартылды. Оқиға 2018 жылы шілдеде болған. Жігіттердің бірі екі ауылдасымен кездесіп, өзінің үйлену жөнінде ойы бар екенін айтып, қыз алып қашу жайлы ойын білдіреді. Үшеуі осылайша ортақ шешімге келіп, Қызылорда қаласына келеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қызды еркінен тыс алып қашқан жігіттер жазаға тартылды. Оқиға 2018 жылы шілдеде болған. Жігіттердің бірі екі ауылдасымен кездесіп, өзінің үйлену жөнінде ойы бар екенін айтып, қыз алып қашу жайлы ойын білдіреді. Үшеуі осылайша ортақ шешімге келіп, Қызылорда қаласына келеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үйленуге бекінген жігіт өзінің бұрын жүрген қызының үйінің маңын торуылдайды. Таңертеңгілік уақытта жұмысына жаяу бара жатқан бойжеткенді үйленетін жігіт көлікпен алып баратынын айтады. Көлікке мінуіне өтініш жасайды. Оған қарсылық білдірген бойжеткенді екі қолынан қысып ұстап, көлікке отырғызады.

Осыдан кейін үшеуі бойжеткенмен бірге өздері тұратын ауданға қарай бет алады. Дегенмен жол бойында жылдамдығын асырған көлік жүргізушісін жергілікті полиция қызметкерлері тоқтатады. Сол сәтте жәбірленуші полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Бойжеткенді еркінен тыс алып қашқан үш жігіт аудандық полиция бөліміне жеткізілген.   

Қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен іс қозғалды. Сот үкімімен сотталушыларға 7 жыл мерзімге шартты жаза тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer