Қызылордада Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, көркемсөзші Мұстафа Шоқай ескерткіші ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылордада Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, көркемсөзші Мұстафа Шоқай ескерткіші ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Айта кетейік, Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала халқы алдында есеп беру кездесуінде Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткішіне облыстық бюджеттен 49 миллион 346 мың теңгенің бөлінгенін хабарлаған еді.
Мұстафа Шоқай - патшалық Ресей заманында Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының саяси бюросында қазақ халқының мүддесін тұңғыш көтерген адам. Ол 1890 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, "Мұстафа Шоқай" ауылында (бұрынғы "Наршоқы") дүниеге келген. Атасының арғы тегі қыпшақтардан тарайтын Торайғырдың белді ақсүйектеріне жатады. Ол атақты Торғай датқаның немересі, беделді де бетті Шоқайдың бел баласы. Нағашы жұрты Хиуаны билеген қазақ хандарының әулетінен өрбиді. Мұстафа ауылда жүріп хат таныған.
1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Көп ұзамай Мұстафа Шоқай (1941) Берлиндегі "Виктория" ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді. Францияның Ножан-сюр-Марн (Валь-де-Марн департаменті) қаласында қазақ ұлт өкілдерінің қатысуымен ескерткіш тақта орнатылған. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған ауылына ескерткіші қойылған. Оның түркі дүниесінің бостандығы жолындағы қайраткерлік күресі жайлы "Мұстафа Шоқай" көркем фильмі түсірілді.