Қызылордада оқушыны кеудесінен ұрып өлтіріп алған бала сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада оқушыны кеудесінен ұрып өлтіріп алған бала сотталды Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған

Қызылордада оқушыны абайсызда өлтіріп алған оқушыға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада оқушыны абайсызда өлтіріп алған оқушыға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл ақпанда 9-сынып оқушысы үйіне жақын жерде өлі табылған еді.

"Кәмелетке толмаған айыпталушы жәбірленушімен жанжалдасып қалған. Күдікті жәбірленушінің кеуде тұсынан екі рет ұрып жіберген. Салдарынан оқушының жүрегі тоқтап, оқиға орнында мерт болған. Кәмелетке толмаған айыпталушы кінәсін толық мойындамады.

Сараптама нәтижесіне сәйкес жәбірленуші соққыдан физикалық жарақат алған", - делінген соттың хабарламасында.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети