Қызылорда қаласының жастарына арналған дәстүрлі "Самғау" сыйлығына құжат қабылдау жүріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда қаласының жастарына арналған дәстүрлі "Самғау" сыйлығына құжат қабылдау жүріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Бұл сыйлық, жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту, қала жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, шебер, қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады.
Қызылорда қаласы жастарына арналған "Самғау" сыйлығының тағайындалуының басты қағидасы өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен, жоғары санаттағы мамандықтарды игерген жастарға табысталады.
"Самғау" жастар сыйлығына 14 пен 29 жас аралығындағы Қызылорда қаласының кез-келген жастары қатыса алады және арнайы құрылған комиссия қорытындысымен лайық деп табылған 10 жасқа 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.
Айта кетейік, "Самғау" сыйлығы бұған дейін 6 жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, Қызылорда қаласынан 60 жас марапатталған. Ал, биыл бұл шара 7-ші рет ұйымдастырылғалы отыр.
Қызылорда қаласы жастарына арналған "Самғау" сыйлығын тағайындау Ережесімен толық таныса аласыздар.