Қызылордада су ресурстарын тиімді басқару әдістері кеңінен енгізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада су ресурстарын тиімді басқару әдістері кеңінен енгізіліп жатыр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен дер кезінде жүргізілген келіссөздер арқасында биыл егіс алқаптары сумен толық қамтамасыз етілді, аймақта су тапшылығы болған жоқ.

Ауыл шаруашылығына соңғы 2 жылда 20,3 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Өткен 10 айда негізгі капиталға 12,2 миллиард теңге инвестиция салынды.

"Аграрлық аймақ саналатын Қызылорда облысы үшін суармалы су мәселесі қашанда өзекті. Биыл 189 мың 449 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, агротехникалық талаптарға сай мерзімінде толық жиналды. Өндірісте ылғал үнемдейтін технологиялар қолдану қарқынды дамып келеді. Жаңа технологияларды пайдалану көлемі 4 мың 400 гектарға жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе артық", - деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысының қолдауымен бастау алған "Кең дала-2" бағдарламасы диқан қауымы үшін қолайлы болды.

Еске салсақ, соңғы жылдары Сыр диқандары 55 мың гектар күріш егістігін лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды.

Tengrinews
Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети