30 қараша 2021 | 17:11

Қызылордада Тұңғыш Президент күніне арналған республикалық конференция өтті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыр елінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық "Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан: өркендеудің 30 жылы" тақырыбында конференция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыр елінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық "Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан: өркендеудің 30 жылы" тақырыбында конференция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конференцияға ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, саяси ғылымдар докторы М.Бақтиярұлы, облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамов, Ұлттық ғылым академиясының академигі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Досманбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, белгілі әнші-композитор Ж.Сейдоллаұлы, айтыскер ақын, үш дүркін "Алтын домбыра" иегері М.Ниязов, Сыр толағайы, ауыр атлетші И.Ильин, зиялы қауым өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері, жоғары оқу орындарының басшылары мен ғалымдары, басқарма басшылары, ҮЕҰ өкілдері және онлайн аудан әкімдері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы Сыр халқын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, Елбасының рөлі мен жаңғыру кезеңіндегі Сыр елінің жетістігін атап өтті.

"Баршаңызды Тәуелсіз еліміздің мәртебелі мерекесі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Жасампаз істерді Елбасының серігі, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі түрде жүзеге асыруда. Еліміз тәуелсіздік жылдары қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Сыр елі де өз үлесін қосып жатыр.

Екіншіден, Отандық ғарыш кеңістігінің өркендеуі. Қызылорда облысы - Қазақстанда ғана емес, әлемде ғарыштық кешен орналасқан стратегиялық маңызы бар өңір.

Үшіншіден, халықаралық сарапшылар тарапынан "Ғасыр жобасы" аталған Арал теңізін сақтап қалу идеясы. Экологиялық апат аймағы ретінде тарап кеткелі тұрған облысымыз Тұңғыш Президентіміздің дана саясатымен Тәуелсіздік тарихында өз орнын сақтап қалды.

Төртіншіден, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолы арқылы ел мен елді, жер мен жерді жақындатты. Бұл барлық ауданы теміржол мен автокөлік жолының бойында орналасқан Сыр елі үшін ең тиімді инфрақұрылымдық шешім", - деді Әбдіқалықова.

Жиында М.Бақтиярұлы "Елбасы және ел тәуелсіздігі", Н.Байқадамов "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі", Б.Досманбетов "Елбасы - елорда архитекторы", С.Дүйсенбаев "Тұңғыш Президент және Сыр өңіріндегі дамудың өрелі 30 жылы" тақырыбында баяндама жасап, Ұлт көшбасшысы Ұлы даланың ұлы есімдерінің тікелей жалғасы, Тәуелсіз елдің негізін қалаушы ұлы реформатор Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты туралы сөз қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети