Қызылордада ұшынып қалған Ішкі әскер сарбаздарының қатары 52-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қызылордада ұшынып қалған Ішкі әскер сарбаздарының қатары 52-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Кеше ауруханаға түскен әскерилердің саны 47 адам болғаны туралы хабарланған еді. ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскеріне қарасты №5547 бөлімнің 32 сарбазы өткен жексенбіде ауруханаға жатқызылса, дүйсенбі күні тағы төртеуінің уланып қалғаны белгілі болды. Ал кеше сәуірдің 15-і күні осындай ауру белгілерімен тағы 11 сарбаз ауруханаға жеткізілді. "Сәуірдің 16-сы күнгі мәлімет бойынша Қызылорда қаласындағы облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылған №5547 бөлімі сарбаздарының саны 52 адам болды", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Мамандардың мәліметінше, бүгінде науқастардың жағдайы қалыпты. Ал әскери бөлімде барлық сарбаздар медициналық тексерістен өткізіліп жатыр.