Қызылордада үйдегі жарылыс видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon 721 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қызылордада үйлердің біріндегі жарылыс видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада үйлердің біріндегі жарылыс видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада газ ауа қоспасы жарылысынан, одан кейін шыққан өрт салдарынан 41 жастағы ер адам зардап шекті. Ол күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Жарылыс жеке үйде болған. Ал бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Қызылордада Яншина көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылысы болды, салдарынан 182 шаршы метр аумақ жанып, опырылды. Әрі қарай өрт осы үй аумағында орналасқан 60 шаршы метрлік уақытша құырылыс нысанына тараған. Құтқарушылар келгенге дейін аяқ-қолы күйіп қалған Өзбекстан Республикасының 1984 жылы туған азаматы қалалық ауруханаға жеткізілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Сурет: Қызылорда облысы ТЖД

Оқиға орнында штаб құрылып, өрт сөндірілген.

"Өрт сағат 12.09-да ауыздықталды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деп толықтырды ТЖ департаменті өкілі.

Оқиға орнына Қызылорда облысы ТЖД-ның 25 қызметкері және 5 техникасы, медицина орталығының 4 қызметкері және 1 техникасы, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның 3 қызметкері және 1 техникасы, "КРЭК" АҚ, сондай-ақ, жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жұмылдырылған.

Айта кетейік, 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болған еді. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
19°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю