Қызылордадағы мектеп әжетханасында оқушыны қатарластары жабылып ұрған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордадағы мектеп әжетханасында оқушыны қатарластары жабылып ұрған видео кадры

Қызылордада алты жасөспірім мектептің әжетханасында 10-сынып оқушысын сабап тастаған. Оқушы көптеген жарақат алып, сүйегі сынған. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада алты жасөспірім мектептің әжетханасында 10-сынып оқушысын сабап тастаған. Оқушы көптеген жарақат алып, сүйегі сынған. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Әлеуметтік желілерде мектеп әжетханасында жасөспірімдер өз қатарласын ұрып жатқаны түсірілген видео тарады. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқушының жақ сүйегі мен мұрны сынған, сондай-ақ миы шайқалып, ауруханаға түскен. Жасөспірімге ота жасалып, жақ сүйегі металл пластиналармен бекітілді.

Полиция не дейді?

Қызылорда облыстық Полиция департаменті мәліметінше, бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Барлық күдікті жасөспірім ұсталып, полицияға жеткізілді.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ кінәлі жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады", – делінген полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство өкілдері бұл оқиға бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға ұсыныс енгізілгенін, ондағы мақсат осындай жағдайлардың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылдау және себептерді жою екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети