28 сәуір 2023 09:13

Қызылордадағы мектептердің бірінде 9 жастағы қыздың үстіне шкаф құлап кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордадағы мектептердің бірінде 9 жастағы қыздың үстіне шкаф құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордадағы мектептердің бірінде 9 жастағы қыздың үстіне шкаф құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордадағы жекеменшік мектепте шкаф төртінші сынып оқушысының үстіне құлап кетті. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желіде зардап шеккен оқушы қыздың анасының үндеуі пайда болды.

"Сыныпта қызымның үстіне шкаф құлады. Қазір ол көпсалалы облыстық балалар ауруханасында ауыр халде жатыр. Мектеп әкімшілігінен адамдар келіп, арызды қайтарып алсақ, қаржылай көмек көрсетеміз деді. Бірақ біз бас тарттық. Қызымыздың жағдайы ауыр, біз оны қалпына келтіруге қанша уақыт пен ақша кететінін білмейміз. Дәрігерлер де ешқандай кепілдік бермеді. Сондықтан біз бәрін заң аясында шешу керек деп ойлаймыз. Біз арыз жазғанбыз. Ол жауапсыз қалмайды және кінәлілер жазасын алады деп сенеміз", – деп жазды қыздың анасы желідегі парақшасында.

Қыздың әкесінің айтуынша, барлық оқиға сыныпта болған. Кенет құлаған шкафтың жанында оның қызы мен тағы бірнеше баласы тұрған. Зардап шеккен қыздан басқасының бәрі қашып үлгерген.

"Шкаф өте үлкен және ауыр болған. Бірақ ол ештеңеге бекітілмеген болып шықты. Қызымды сауықтыруға мектеп әкімшілігі көмектессін", - дейді зардап шеккен оқушы қыздың әкесі.

Қалалық білім бөлімі оқиғаны растады.

"Бүгінгі күні жоғарыда аталған зияткерлік мектептің басшылығы зардап шеккен балаға көмек көрсетіп жатыр. Оқиғаға байланысты қалалық ішкі істер басқармасы тергеу жүргізіп жатыр", - деп атап өтті білім басқармасында.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы қыздың ауыр халде түскенін хабарлады.

"Қыздың бүйрегі жарақаттанған, қуық контузиясымен ауруханаға жатқызылды. Сан сүйегінің ығысқан сынығы, бірінші бел омыртқасының көлденең өсіндісінің жабық ығысқан сынуы диагнозы қойылды", - дейді дәрігерлер.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша тергеуді бастады.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялануға жатпайды", - деп қосты полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети