Қызылордадағы ыстық су: неге бұған тағы 5 миллиард теңге бөлінді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордадағы ыстық су: неге бұған тағы 5 миллиард теңге бөлінді? Фото:depositphotos.com

Қызылордада ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 миллиард теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

"Бүгінде Қызылорда қаласы – орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі жоқ республикадағы жалғыз облыс орталығы. Қаладағы көп қабатты үйлер электр жылыту немесе газ жылыту құрылғылары арқылы ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 10 қазанда өңірге жұмыс сапары барысында қаланы 2025 жылдың аяғына дейін орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын.

"Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын тиісті жобаны екі кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланған. Бірінші кезеңде – 2024 жылы 187 тұрғын үйді су жүйесімен қамту жұмыстары басталса, екінші кезеңде – биыл 236 тұрғын үй су жүйесіне қосылады".

2024 жылы бірінші кезеңге Үкімет резервінен 11 млрд теңгеден астам қаражат бағытталған. Аталған қаулы негізінде Үкімет резервінен бөлінген 5 миллиард теңге биыл екінші кезеңнің бірінші кезектегі жұмыстары үшін пайдаланылады.

Осылайша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қызылорда қаласының 423 көп қабатты тұрғын үйі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети