©Нұрғиса Елеубеков
Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында су тапшылығы орын алмайды. Бұл мәселе жөнінде жергілікті мамандар тиісті іс-шараларды қолға алып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Соңғы жылдарда Қызылордада су тапшылығы жиі көрініс беріп жүрген. Ерте көктемде жергілікті тұрғындар мол сумен арпалысады. Алайда, егіс кезінде дариядағы су деңгейі төмендеп, диқандар біраз қиындық көріп жүргені жасырын емес. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, аймақтың биылғы жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарын суару нормалары және суару каналдарының пайдалы әсер кооффициенті бойынша дақылдарды тұрақты суаруға орташа есеппен алғанда 4,0-4,1 млрд текше метр су қажет. Осы мақсатта шаруашылықаралық каналдар тазартылып, ішкі су жолдары жөнделді. Қазіргі таңда "Шардара" су қоймасындағы су көлемі 4,1 млрд текшеметрді құрайды. Сондай-ақ, одан төменгі аумақта орын тепкен "Көксарай" су реттегішінде 2,5 млрд текшеметр су сақталып тұр. Осыған байланысты еліміздің су ресурстары комитетінің "қазсушар" РМК-ның "Шардара" су қоймасы мен "Көксарай" су реттегішінің вегетация аралық болжамдық жұмыс режиміне сәйкес облыс бойынша жоспарланған егіс көлемін суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында су тапшылығы орын алмайды. Бұл мәселе жөнінде жергілікті мамандар тиісті іс-шараларды қолға алып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соңғы жылдарда Қызылордада су тапшылығы жиі көрініс беріп жүрген. Ерте көктемде жергілікті тұрғындар мол сумен арпалысады. Алайда, егіс кезінде дариядағы су деңгейі төмендеп, диқандар біраз қиындық көріп жүргені жасырын емес. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, аймақтың биылғы жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарын суару нормалары және суару каналдарының пайдалы әсер кооффициенті бойынша дақылдарды тұрақты суаруға орташа есеппен алғанда 4,0-4,1 млрд текше метр су қажет.
Осы мақсатта шаруашылықаралық каналдар тазартылып, ішкі су жолдары жөнделді. Қазіргі таңда "Шардара" су қоймасындағы су көлемі 4,1 млрд текшеметрді құрайды. Сондай-ақ, одан төменгі аумақта орын тепкен "Көксарай" су реттегішінде 2,5 млрд текшеметр су сақталып тұр. Осыған байланысты еліміздің су ресурстары комитетінің "қазсушар" РМК-ның "Шардара" су қоймасы мен "Көксарай" су реттегішінің вегетация аралық болжамдық жұмыс режиміне сәйкес облыс бойынша жоспарланған егіс көлемін суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.