Қызылордалық ЖЭО-ға айыппұл салынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ktez.kz Фото: ktez.kz

Қызылорда облысының прокуратурасы тұтынушылардың құқықтарын шектеп, артық талаптар жүктеген Жылу орталығының заңсыз әрекеттерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының прокуратурасы тұтынушылардың құқықтарын шектеп, артық талаптар жүктеген Жылу орталығының заңсыз әрекеттерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қызылорда облысының прокуратурасы "Қызылорда жылу электр орталығы" ШЖҚ МКК-ның қызметіне тексеру жүргізген.

"Нәтижесінде Жылу орталығы жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарға артық талаптарды енгізіп, тұтынушылардың құқықтарының шектелгені анықталды.

Атап айтқанда, Жылу орталығы тұтынушыларға техникалық шартты беру барысында жылумен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанында (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 05.01.2021ж. №2 бұйрығымен бекітілген) қарастырылмаған қосымша құрылғылар орнатуды міндеттеген. Аталған талаптар тұтынушылар үшін 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін қосымша шығындар әкелуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Бұндай артық талаппен Жылу орталығы 2022-2023 жылдары 100-ден аса техникалық шарт берген.

"Осыған орай облыс прокуратурасы 18.08.2023 жылы облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізіп, оның қаралуымен техникалық шарттағы артық талаптар алынып тасталды және Жылу орталығының басшылығы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар Жылу орталығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 миллион теңге айыппұл салынған (толық төленді)", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro