Қызылордалық журналистер құрмет төрінен көрінді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сыр елінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған "Қанатты қалам-2023" мерекелік салтанатты шарасы өтті. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев журналистерді төл мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сыр елінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған "Қанатты қалам-2023" мерекелік салтанатты шарасы өтті. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев журналистерді төл мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Аймақ басшысы ақпарат ағынынан қалмай, өз көрермендері мен оқырмандарына адал қызмет етіп, мамандығын қадір тұтқан журналистердің қоғамдағы алар орнына тоқталды.

"Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Әділетті Қазақстан – Адал азамат" тақырыбында Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: "Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы. Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет", - деп айтқанын білесіздер.

Бүгінде "Масс-медиа" деп аталатын жаңа заң қоғамда кеңінен талқылануда. Бұл жобаның БАҚ өкілдері үшін маңызы зор болмақ.

Сыр өңірінен шыққан жүздеген журналист әлемнің түкпір-түкпірінде, еліміздің әр өңірінде, өз өлкемізде абыройлы қызмет етуде. Олар ел өміріндегі әр жетістікті өз жетістігіндей көреді. Қиындықты жүрегімен қабылдап, әр сәтті қалт жібермеуге тырысады. Барша баспасөз, теледидар, радио, интернет басылымдары қызметкерлерінің еңбегіне шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, амандық тілейміз", - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Аймақтың ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар БАҚ өкілі облыс әкімінің арнайы марапатына ие болып, құрмет төрінен көрінді. Қызылорда қоғамдық телеарнасының құрылтайшысы, ақын Шәһизада Әбдікәрімов Қызылорда облысының құрметті азаматы атанды. Бірқатар БАҚ қызметкеріне облыс әкімінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің марапаттары табысталды. Мұнан бөлек, 20 БАҚ өкіліне түрлі номинация, 10 сала ардагеріне шипажайға жолдама берілді. С.Бермағанбетов атындағы жас журналистер байқауының жеңімпаздары да арнайы марапат алды.

Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 148 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасауда. Оның 13-і мемлекеттік болса, 135-і тәуелсіз. Олардың ішінде 120-сы газет, 25-і интернет-сайт пен ақпараттық агенттіктер, 3-еуі телеарна, 137-сі облыстық, 2-еуі қалалық, 9-ы аудандық деңгейде ақпарат таратады.

Tengrinews
Материал Қызылорда облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro