Қызылорда тұрғындары "Қорқыт Ата" әуежайының халықаралық мәртебесін алып тастауды ұсынып отыр. Өйткені олардың әуежайдың жағдайына көңілі толмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда тұрғындары "Қорқыт Ата" әуежайының халықаралық мәртебесін алып тастауды ұсынып отыр. Өйткені олардың әуежайдың жағдайына көңілі толмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде қызылордалықтар "Қорқыт Ата" халықаралық әуежайының жағдайына наразылық білдіріп жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, онда дұрыс қызмет көрсетілмейді. Ұшуды күтіп тұрған адамдар баспалдақта немесе оның астында күтуге мәжбүр болады.
"Қорқыт Ата" халықаралық әуежайы күшті естіледі, ал шын мәнінде жағдайы нашар. Орындықтары қорқынышты күйде. Ана мен бала бөлмесі - жауап алу бөлмесі. Ұшу және ұшып келу туралы дыбыстық хабарлама берілмейді", - дейді тұрғындар.
"Қорқыт Ата" халықаралық әуежай қызметкері облыс әкімінің тапсырмасы бойынша нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
"Терминал ашылғаннан бері оған ұзақ уақыт бойы жөндеу жүргізілген жоқ. Бұл мәселе қала мен облыс басшылығының бақылауына алынды. Жақын арада жөндеу жұмыстары аяқталады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған әуе айлағының ресми жауабында.
Айта кетейік, әуежай 2001 жылы түркі ақыны және композитор Қорқыт ата есімін алған болатын. 2014 жылдан бері "Қорқыт Ата" әуежайы халықаралық бағыттарда қызмет көрсете бастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!