Қызылордада 2014 жылы салынған 68 аялдаманың 47-сі зақымданған. Бұл туралы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қала тұрғындарының қоғамдық орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне арналған шұғыл кеңесте Қызылода қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Есжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жергілікті бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, халық игілігіне пайдалансын деп салынған мемлекеттік мүліктің бүлініп, ластанып, істен шығып жатыр", - деді Есжанов. Оның айтуынша, өткен жылы жаңадан салынған 68 аялдаманың 47-сі сындырылса, 32 ойын алаңының 10-ына зақым келген, ал жаңадан орнатылған 8263 люктің 106-сы ұрланғандығы белгілі болды. "Бұл дегеніміз -адамдардың өз өмір сүріп отырған жеріне бейжай, жауапсыз қарауының салдары. Осы орайда, әр адам өзінен бастап, азаматтық ұстанымын танытып, өз ауласына жанашырлықпен қарауы керек", - деді ол.
Қызылорда облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы өкілдерінің айтуынша, өңірде "Мүлдем төзбеушілік" қағидатына байланысты 2014 жыл көлемінде барлығы 20 мың 493 әкімшілік құқықбұзушылық деректері анықталған. Көпшілік пайдалану орындарын, саябақтарды, демалыс парктерін ластағаны үшін 3894 азаматқа, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 939 азаматқа, алкоголь ішімдігін ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу дерегі бойынша 5824 азаматқа, тыныштықты бұзу дерегі бойынша 2859 азаматқа, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу ережелерін бұзғаны үшін 1417 азаматқа, балалардың тұрғынжайлардан тыс жерлерде қараусыз жүргені үшін 3107 ата-анаға әкімшілік шара қарастырылды.