26 мамыр 2023 | 15:59

Қызылордалықтарға қарулы қақтығыстарға шақыруларға байланысты үндеу жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото:elements.envato.com фото:elements.envato.com

Қызылорда облысының прокуроры қарулы қақтығыстарға шақыруларға байланысты облыс тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының прокуроры қарулы қақтығыстарға шақыруларға байланысты облыс тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның ресми сайтында прокурор Нұрлан Бижановтың үндеуі жарияланды. Оның айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарында шетел және Қазақстан азаматтарын өзге елдердегі қарулы қақтығысқа шақыру туралы үгіт-насихат материалдары таралып жатыр.

"Оның ішінде жалдамалы әскери топтар белсенді түрде адамдар жинап, азаматтарға қомақты жалақы, сыйақы төлейтіндігімен қызықтыруға тырысп отыр. Сондықтан, қарулы қақтығысқа қатысқан азаматтар үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін түсіндіремін", - делінген прокурор мәлімдемесінде.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170-бабына сәйкес жалдамалыны азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарында немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан осындай іс-әрекет 20 жылға дейiнгi немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады".

"Ал Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы Қылмыстық кодекстің 172-бабымен сараланып, бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында "Прокуратура туралы" Конституциялық заңның 40-бабын басшылыққа ала отырып, азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға және қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырамын", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғатын кез келген құқық бұзу әрекетінің жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданатыны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети