©tengrinews.kz
Биыл Қызылорда облысында "ҚазАгро" ұлттық холдингінің қолдауымен 3 күріш өңдеу кешені және 2 бордақылау алаңы салынады. Барлығының жобалық құны 2 800,1 млн. теңгені құрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірінші жартыжылдықта Сырдария ауданындағы "Ақжарма-1" шаруа қожалығының сағатына 2,5 тонна күріш өңдейтін кешені іске қосылады. Жоба құны 35 млн теңгені шамалайды. Сондай-ақ, облыс орталығында 199 басқа арналған бордақылау алаңы пайдаланылуға беріледі. Ал екінші жартыжылдықта Қазалы ауданында бордақылау алаңы, Жалағаш пен Қызылорда қаласында сағатына 12 тонна күріш өңдейтін кешен жұмысын бастайтын болады. Сонымен қатар, "СырдарияАгроИнвест" ЖШС жалпы құны 3 289 млн теңгені құрайтын құс фабрикасын салатын болады. Қазіргі таңда фабрика құрылысын салуды қажетті жермен қамтамасыз ету мақсатында өңірлік үйлестіру кеңесінің эксперттік комиссия отырысына 30 га жер бөлу жөнінде ұсыныс берілді. Құс фабрикасын қаржыландыру және құрылысын бастау наурыз айына жоспарланған.
Биыл Қызылорда облысында "ҚазАгро" ұлттық холдингінің қолдауымен 3 күріш өңдеу кешені және 2 бордақылау алаңы салынады. Барлығының жобалық құны 2 800,1 млн. теңгені құрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші жартыжылдықта Сырдария ауданындағы "Ақжарма-1" шаруа қожалығының сағатына 2,5 тонна күріш өңдейтін кешені іске қосылады. Жоба құны 35 млн теңгені шамалайды. Сондай-ақ, облыс орталығында 199 басқа арналған бордақылау алаңы пайдаланылуға беріледі. Ал екінші жартыжылдықта Қазалы ауданында бордақылау алаңы, Жалағаш пен Қызылорда қаласында сағатына 12 тонна күріш өңдейтін кешен жұмысын бастайтын болады.
Сонымен қатар, "СырдарияАгроИнвест" ЖШС жалпы құны 3 289 млн теңгені құрайтын құс фабрикасын салатын болады. Қазіргі таңда фабрика құрылысын салуды қажетті жермен қамтамасыз ету мақсатында өңірлік үйлестіру кеңесінің эксперттік комиссия отырысына 30 га жер бөлу жөнінде ұсыныс берілді. Құс фабрикасын қаржыландыру және құрылысын бастау наурыз айына жоспарланған.