Алматы облысының прокуратурасы кішкентай қызын тұншықтырып өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған әйелдің жантүршігерлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының прокуратурасы кішкентай қызын тұншықтырып өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған әйелдің жантүршігерлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қыздың өліміне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта деректі тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Еске салайық, бір күн бұрын Алматыдағы Орталық демалыс саябағында әйел биіктен секріп кеткен. Жәбірленуші жедел медициналық қызмет жеткенше қайтыс болды. Кейін әйел бұған дейін өз үйінде кішкентай қызын тұншықтырып өлтіргені белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!