25 қыркүйек 2017 | 14:55

Қызының еміне ақша жинап, отаны тегін жасатқан әйелдің ісінде нүкте қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.sud.kz © almaty.sud.kz

Алматы тұрғыны Ақмарал Жақсылықова ауырған қызына ота жасату үшін деп алған қаражатты "Қайырымды жандар" қайырымдылық қорына қайтаруға тағы да міндеттелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Ақмарал Жақсылықова ауырған қызына ота жасату үшін деп алған қаражатты "Қайырымды жандар" қайырымдылық қорына қайтаруға тағы да міндеттелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 25 қыркүйекте Алматы қалалық сотында Ақмарал Жақсылықованың бірінші инстацияның шығарған шешімінің күшін жою туралы апелляциялық сотқа берген шағымы бойынша сот қаулысы шығарылды. 

Еске салайық, мұның алдында әйелдің өз қызына бүйрек ауыстыру отасын тегін жасатқаны белгілі болған еді. Биыл мамырда сот Жақсылықованы қыздың отасына деп бөлінген 10 миллион теңге қаражатты қайырымдылық қорына қайтаруды міндеттеген еді. 

Еріктілер бұл қаражаттың басқа мақсатта пайдаланылғанын дәлелдеген, осыған байланысты қайырымдылық қоры бұл ақшаны алып, қымбат ота жасатуға мұқтаж басқа отбасыларға көмектесуді ойлаған. Алайда 20 маусымда алматылық әйел соттың шешіміне апелляцияық шағым түсірген.

"Бірінші инстанцияның шешімін бұзуды сұраймын. Мәулен Алғазы ("Қайырымды жандар" қайырымдылық қорының басшысы - Авт.) маған 6 миллион теңгені қайтарып, донор болған қайнымнан және одан кешірім сұрауымды талап етіп, татуласуды ұсынды. Мен оған кешірім сұрамаймын дедім. Сөйтіп үгіттеп жүріп Мәулен мені Бахтиярға (донор болған қайнысы - Авт.) сотқа бергізді. Бірақ ол қызыма бүйрегін беруде ештеңе сұрамайтынын айтып, қолхат берген. Маған бұлардың көрсетпеген қорлықтары жоқ. Келіп, үйімді төңкерді. Еріктілерге айтып, масқара қыламын деді. Өз баласы ауырмағаннан кейін білмейді бұлар. Ол тіпті менің жұмысыма келіп, мені жұмыстан шығартуды басшыма келіп сұраған. Мұның бәрі заңсыз. Ол мені БАҚ-тарда баласының еміне алған ақшаны жаратып жіберді деп жамандап жазып жатыр. Мәулен менің қызымды шауып кетті деп халыққа таратып жатыр. Бұл ақша қызыма арналған. Халықтан кешірім сұрайтындай мен ештеңе істеген жоқпын", - деген Ақмарал Жақсылықовадан судья нақты не сұрап отырғанын нақтылауын өтінді. 

Жақсылықова бірінші инстанция сотының 10 миллион теңге қаражатты еріктілерге қайтару туралы шешімін бұзуды сұрады. 

Ал қарсы тараптың өкілі, қайырымдылық қорының мүддесін қорғайтын заңгер Жанна Шапатова Ақмарал Жақсылықоваға Мәулен Алғазыны "алаяқ" деп айыптағаны үшін кешірім сұраса және қайнысы Бахтиярдан кешірім сұраса, мұнымен қатар ота жасатуға деп берілген қаражаттың жаратылмаған қалған бөлігі 6 миллион теңгені қайтарса татуласуға ұсыныс жасағанын еске салды. Алайда, оның айтуынша, Ақмарал Жақсылықова мұндай шарттармен татуласудан бас тартқан. 

Тараптарды тыңдап шыққаннан кейін судья бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдыру, яғни 10 миллион теңге сомасындағы қаражатты қайтару шешімін өз күшінде қалдырды. 

Мұнымен қатар, заңгер Жанна Шапатова Ақмарал Жақсылықованың үстінен Мәулен Алғазыны "алаяқ" деп жала жапқаны үшін сотқа арыз түсірілетінін де қоса айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети