"Қызыңыз апатқа ұшырады". Шымкентте зейнеткерлер алаяққа алданып қалды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қызыңыз апатқа ұшырады". Шымкентте зейнеткерлер алаяққа алданып қалды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкентте зейнеткерлерді алаяқтар өздерін полиция қызметкерімін деп алдап, 7 миллион теңгелерін алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте зейнеткерлерді алаяқтар өздерін полиция қызметкерімін деп алдап, 7 миллион теңгелерін алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбекші аудандық полиция бөліміне зейнеткерден арыз келіп түскен. Зейнеткердің айтуынша, оған белгісіз біреу телефон соғып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, қызының жол апатына ұшырағанын айтқан. Жалған полицей зейнеткердің қызының кінәлі екенін, оны босату үшін 4,5 миллион теңге талап еткен.

Қоңырау шалған алаяқ телефонды қызына бергенде зейнеткердің күмәні болмаған. Қызы қорқып, дірілдеген дауыспен "анасынан" көмек сұраған. Шымкент қаласының тұрғыны алаяқтардың сөзіне сеніп, ақшасын аударып жіберген.

Дәл сол күні немересі үшін 2,5 миллион теңге аударған 79 жастағы зейнеткер де дәл осындай жағдайға қатысты арызбен жүгінген.

Жедел іздестіру шаралары барысында тергеушілер бейнебақылау камераларын пайдаланып, жәбірленушінің үйіне ақша алу үшін келген жасөспірімді ұстады. Ол Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны болып шықты. Жасөспірім өз жауабында мобильді мессенджер арқылы алған нұсқау бойынша әрекет еткенін айтқан. Оның жұмысы бойынша көрсетілген мекенжайлардан ақша жинап, белгілі бір банк шоттарына аудару болған. Бұл үшін ол 50-ден 100 мың теңгеге дейін алып отырған.

Полицейлер қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтап жатыр. Полиция қызмкеткерлері тұрғындарға алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын және сақ болуға шақырады. Алаяқтар өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырып, туысыңыздың қиындыққа тап болғанын хабарлап, белгілі бір қаражат аударғанда мәселе шешілетіндігін айтады. Мұндай жағдайда 102 телефоны бойынша полицияға хабарласып, ақпаратты тексеру керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети