“Қызыңызды алып кетіңіз“: келін сәлем салудан бас тартып, іс сотқа жетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қызыңызды алып кетіңіз“: келін сәлем салудан бас тартып, іс сотқа жетті ЖИ көмегімен жасалған

Жамбыл облысында келіннің сәлем салудан бас тартуы сотпен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында келіннің сәлем салудан бас тартуы сотпен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жуалы аудандық соты ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

"Мейрамханадағы үйлену тойы кезінде Т. жұбайынан ежелгі қазақ дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген, ал әйелі өз кезегінде өтінішті орындаудан бас тартқан. Әрі қарай, олар үйге оралған соң, азамат Т. әйелінің мінез-құлқына наразылығын білдіріп, оған қатысты былапыт сөздер айтқан", - делінген хабарламада.

Сотта құқықбұзушы Т. өзінің кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұрап және тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін қайтарып алып кетуді дөрекі түрде талап еткенін түсіндірді. Сондай-ақ олда татуласуға байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Сот қаулысы бойынша, іс тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтатылған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети