30 маусым 2017 | 16:30

Лагерьде балаларды қорлаған жігіт кешірім сұрап тынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы "Ақбұлақ" сауықтыру лагерінде балаларға әлімжеттік көрсеткен жігіт кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы "Ақбұлақ" сауықтыру лагерінде балаларға әлімжеттік көрсеткен жігіт кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен лагерьде Жаңаөзеннің балаларын қорлағаным түсірілген видео үшін кешірім сұраймын. 18 маусымда болған оқиға үшін, балаларды киінуге және шешінуге мәжбүрлегенім үшін кешірім сұраймын", - дейді жігіт. Жігіттің қолы гипсталғаны көрініп тұр, бірақ оның бұл жарақатты қалай алғаны белгісіз.

Лагерь өкілдері әзірше жігітке қатысты ешқандай түсінік бермеді. Осыған дейін әкім орынбасары Жақсылық Омардың бұл мәселені өз бақылауына алғаны айтылған болатын. Алайда олардың осы мәселе бойынша қандай шешім қабылдағаны белгісіз.

Еске сала кетейік, осыған дейін Instagram желісіндегі Kaztwitter парақшасында Алматы облысында балалар лагеріндегі болған "әлімжеттік", қорлық видеолары жарияланған болатын. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер бұл деректің қараусыз қалмағанын және оларды анықтау үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеген еді. "Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы осы деректі анықтау үшін аттанып кетті. Ертеңдері бізге алдын ала мәліметтер белгілі болады", - деген еді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети