11 шілде 2014 | 14:48

Лагерьде демалған қыздың өлімі министрдің бақылауында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аслан Сәрінжіпов. ©Profi-forex.org Аслан Сәрінжіпов. ©Profi-forex.org

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Бурабайдағы лагерьде демалғаннан кейін қайтыс болған тоғыз жастағы қыздың өліміне қатысты мәселені бақылауда ұстап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Бурабайдағы лагерьде демалғаннан кейін қайтыс болған тоғыз жастағы қыздың өліміне қатысты мәселені бақылауда ұстап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл оқиғаны біз бақылауда ұстап отырмыз. Қазір сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Біз арнайы комиссияны құрдық. Қорытынды шықпай тұрып, нақты бірдеңе айтқан әбестік болар. Дәл қазір бізде 11 мың ұйым балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады", - деп жауап берді бүгін Сәрінжіпов журналистердің сұрағына. 

Айта кетейік, "Континент" атты балаларды сауықтыру лагерінде дем алған тоғыз жастағы Аружан Әбілдина ауруханаға ессіз күйде жеткізілген болатын. Ол 9 шілде күні Көкшетау қаласындағы ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, кішкентай қыз ішек инфекциясынан мерт болды. "Ол тым ауыр халде түскен. Ал оның - гастроэнтероколит атты ауруының асқынып кету қаупі болған", - дейді Ақмола облыстық балалар ауруханасының дәрігері Лариса Блажко.

Лагерьде Аружанға суық тиді деп ойлап, сол аурудан емдеген. Оның анасы - Перизат Әбілдинаның сөзіне қарағанда, ол өз қызын осыдан екі апта бұрын Жезқазғандағы жұмыстан берілген жолдамамен Бурабайға жіберген болатын. "Өткен аптада телефонмен сөйлескен кезде ол суық тиіп қалғаны туралы айтқан. Содан оны бес күндей ұстады. Түнде мүлдем қараған жоқ. Аружан бүкіл денем ауырып жатыр, сондай-ақ оған ешкім қарамайды деп айтқан. Осы уақытқа дейін ол тамақ та ішкен жоқ", - дейді Перизат. Ол тәрбие берушілермен байланысқа шығамын деген кезде ешкім жауап бермеді. Оған қызы жана сақтау бөліміне түскенде ғана хабар берген. Ол кезде Аружанның бүйрегі істемей қалған.

Қыздың анасы бәріне лагерь тәрбиешілері кінәлі деп санайды. Ол соттың көмегіне жүгінуге мүдделі. Лагерь басшылығы болса, әзірше қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр. 

"Қазіргі алдын ала диагноз: ішке тиген зақым және асқазан инфекциясы. Реаниматордың сөзіне қарағанда, нақты диагноз сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша белгілі болады. Оған үш айдай уақыт керек", - дейді Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Дина Омарова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети