Бурабайдағы лагерьде демалғаннан кейін қайтыс болған 9 жасар қыздың өліміне ішіне тиген зақым себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде хабарлады. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптамасы тағайындалып отыр.
Бурабайдағы лагерьде демалғаннан кейін қайтыс болған 9 жасар қыздың өліміне ішіне тиген зақым себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде хабарлады. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптамасы тағайындалып отыр.
"Қазіргі алдын ала диагноз: ішке тиген зақым және асқазан инфекциясы. Реаниматордың сөзіне қарағанда, нақты диагноз сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша белгілі болады. Оған үш айдай уақыт керек", - дейді Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Дина Омарова.
Айта кетейік, "Континент" атты балаларды сауықтыру лагерінде дем алған 9 жасар Аружан ауруханаға ессіз күйде жеткізілген болатын. Кеше ол Көкшетау қаласындағы емханалардың бірінде қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, кішкентай қыз ішек инфекциясынан мерт болды. "Ол тым ауыр халде түскен. Ал оның - гастроэнтероколит атты ауруының асқынып кету қаупі болған", - дейді Ақмола облыстық балалар ауруханасының дәрігері Лариса Блажко.
Лагерьде Аружанға суық тиді деп ойлап, сол аурудан емдеген. Оның анасы - Перизат Әбілдинаның сөзіне қарағанда, ол өз қызын осыдан екі апта бұрын Жезқазғандағы жұмыстан берілген жолдамамен Бурабайға жіберген болатын. "Өткен аптада телефонмен сөйлескен кезде ол суық тиіп қалғаны туралы айтқан. Содан оны бес күндей ұстады. Түнде мүлдем қараған жоқ. Аружан бүкіл денем ауырып жатыр, сондай-ақ оған ешкім қарамайды деп айтқан. Осы уақытқа дейін ол тамақ та ішкен жоқ", - дейді Перизат. Ол тәрбие берушілермен байланысқа шығамын деген кезде ешкім жауап бермеді. Оған қызы жана сақтау бөліміне түскенде ғана хабар берген. Ол кезде Аружанның бүйрегі істемей қалған.
Қыздың анасы бәріне лагерь тәрбиешілері кінәлі деп санайды. Ол соттың көмегіне жүгінуге мүдделі. Лагерь басшылығы болса, әзірше қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр.