28 маусым 2016 | 16:55

Лаңкес Таңатаров әйелін мәжбүрлеп намаз оқытқан және екі айлық нәрестесін алып қойған - Қасымов

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов діни зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп, Ақтөбедегі теракт кезіндегі шабуылдағандардың тізімінде бар Таңатаровтың жанұясын мысалға келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов діни зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп, Ақтөбедегі теракт кезіндегі шабуылдағандардың тізімінде бар Таңатаровтың жанұясын мысалға келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратурада тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық жиналыс кезінде Қасымов соңғы уақытта тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың өзге түрлері шығып жатқанын мәлімдеді.

"Заң зорлық-зомбылықтың түрлеріне нақты анықтама - физикалық, психологиялық, сексуалдық және экономикалық. Алайда біз радикал діни ағымдарын ұстанушылардың өз отбасы мүшелерін психологиялық қысыммен этикалық және діни құндылықтардың қалыптасқан түсініктерін жоятын деректерді білеміз. Үлкен әсері үшін кепіл ретінде өз балалары қолданылады, ал жұбайы оның діни ұстанымдарын қабылдауға мәжбүр болады. Ал баласы жағдайдың кепілі ретінде қалып қояды", - деді ішкі істер министрі.

"Солардың бір мысалы - Ақтөбедегі лаңкес Таңатаров өз әйелінен екі айлық нәрестесін алып қойып, ол басын орамалмен жауып, ұзын көйлек киіп, намаз оқи бастағанда ғана қайтарып берген. Біздің пікірімізге, заң шығарушы орган жанұядағы діни мәндегі зорлық-зомбылыққа да назар аударуы керек", - деді Қасымов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети